Жаңалықтар

6 маусым 2009
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев АҚШ Президенті Б.Обаманың Каир университетіндегі сөзіне байланысты өз ойын білдірді.

Қазақстан басшысы Президент Обама Каирде сөйлеген сөзі арқылы өзінің мұсылман әлемімен ымыраға барып және өзара түсіністікті ретке келтіруге ұмтылатынын паш еткенін қадап айтты.


«Мені АҚШ Президентінің осындай сындарлы ұстанымы жігерлендіреді және Қазақстан өз тарапынан Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды одан әрі күшейте беруге дайын», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.


«Қорқыту мен зорлыққа табан тірейтін мемлекет басшы мен қауіпсіз, еркін және гүлденуші әлемді құруға өз үлесін қосуға дайын ойшыл басшының арасы жер мен көктей. Президент Обама өз сөзінде өзінің осы айырмашылықты жақсы сезінетінін анық білдірді, сондықтан да мен оның бірігіп іс-қимыл танытуға шақыруын зор жігермен қабылдаймын», - деді Қазақстан Президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар