Жаңалықтар

28 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.

Қ. Тоқаев Мемлекет басшысын БҰҰ ағымдағы және перспективалық қызметі туралы хабардар етті. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Президенттің БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөзі халықаралық қауымдастық тарапынан қызығушылық пен жағымды пікір тудырғанын атап өтті. Сонымен қатар Қ. Тоқаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар