Жаңалықтар

21 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады.

Қ.Қожамжаров Президентті Агенттіктің ағымдағы жылғы 8 айдағы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті.

Кездесу кезінде сондай-ақ «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің Жарлығы аясында қаржы полициясы органдарындағы реформа барысы туралы сөз болды.

- Мемлекет басшысы қаржы полициясы органдарына өздерінің күн сайынғы қызметінде сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуді тапсырды, - деді журналистерге арналған брифингте Қайрат Қожамжаров.      


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар