Жаңалықтар

24 ақпан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Эксон Мобил” корпорациясының өкілдері – директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Рекс Тиллерсонды, “Эксон Мобил Қазақстан ИНК.” компаниясының бас менеджері Дэвид Нил Уиллисті және “Эксон Мобил Development” компаниясының президенті Марк У.Альберсті қабылдады.
79.jpg

Кездесу барысында “Эксон Мобил” корпорациясының қатысуымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан аса маңызды жобалар талқыланды.

 
“Эксон Мобил” корпорациясы Қазақстан экономикасына төрт миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы салған ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Компания қызметінің негізгі түрлері – мұнай-газ кен орындарын барлау және өндіру. Аталған компания 2003 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің құрамында жұмыс істеп келеді.

 
- Мен Астанаға тағы да қадам басып отырғаныма және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеніме өте қуаныштымын. Қазақстан аз ғана уақытта қол жеткізген жетістіктер мен елорданың қарқынды дамуын көру маған зор қанағаттанғандық сезімін тудырады, - деді Р.Тиллерсон журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар