Жаңалықтар

3 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевты қабылдады.

М. Есенбаев Мемлекет басшысын Агенттіктің кәсіпкерлік пен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді төмендету, шағын және орта бизнесті дамыту үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.

Парламентке мемлекеттің экономикаға араласуын барынша қысқартатын, ұлттық заңнаманың үйлесімділігін қамтамасыз ететін және монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыратын мемлекеттік монополия мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы енгізілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар