Жаңалықтар

15 наурыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған «Қазақстандағы билік шуағы» атты кітаптың авторы, сауд саясаттанушысы, ғалым Маджит ат-Түрікпен кездесті.

Маджит бен Әбдел Әзиз ат-Түрік тек араб әлеміне танымал ғалым емес. Ол Мәскеу университеті саясат ғылымдарының докторы, Абай атындағы Алматы университетінің құрметті профессоры, Ресейдің қоғамдық ғылымдар академиясының толық мүшесі.


Кездесу барысында саясаттанушы Мемлекет басшысына бірнеше жылда жазып шыққан «Қазақстандағы билік шуағы» атты кітабын сыйлады.


- Бұл – Қазақстан мен оның Президенті туралы араб тілінде шыққан алғашқы кітап. Таңдау кездейсоқ жасалған жоқ. Қазақстан – үлкен өзгерістер жасауда және ол өзі орналасқан өңірінде көшбасшы болып табылады, - деді Маджит ат-Түрік журналистерге арналған брифингте.


Кітаптың атауы рәміздік мәнге ие, Нұрсұлтан атты есім араб тіліне «Билік шуағы» деп аударылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар