Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 қаңтар 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы қысқа мерзімді демалысының барысында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның арнайы өкілі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Тан Цзясюаньді қабылдады.

Тан Цзясюань Қазақстан басшысына ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаоның атынан Жаңа жыл мерекесіне және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 16 жылдығына байланысты игі тілектерін жеткізді.


Ол Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейі Қытай мен Қазақстан басшыларының сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастарының арқасында мүмкін болып отырғанын атап көрсетті.


Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қытаймен қарым-қатынастарды нығайту Қазақстанның сыртқы саяси стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатынын атап көрсетті. Қазіргі таңда қазақстан-қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығы, әсіресе шикізаттық емес секторларда кеңейіп отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру екіжақты экономикалық өзара ықпалдастықтың әлеуетін толығымен ашуға мүмкіндік береді.


Инвестициялық ынтымақтастық саласында Қазақстан қайта өңдеу индустриясы мен жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды бірінші орынға қояды. Осы міндеттерді жүзеге асыруда «Қазына» ОДҚ» АҚ-ы мен қытайлық «CITIC Group» арасындағы бірлескен коммерциялық қор маңызды рөл атқаруы тиіс.


Тан Цзясюань Қытай металлургия, көлік және машина жасау сияқты салалардағы екіжақты жобаларды дамытуда қолдау көрсетуге ниетті екенін атап өтті. Қытай басшылығы қазақстандық компаниялардың ҚХР-дағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуына мүдделі.


Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хайнань провинциясының губернаторы Ло Баоминмен және «CITIC» тобы директорлары кеңесінің төрағасы Кун Даньмен кездесулер өткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар