Жаңалықтар

4 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Майлан» әскери полигонында болды. Онда Қазақстан Республикасы Күзет қызметі мен Республикалық ұланының бірлескен «Қамал-2007» арнайы тактикалық оқу-жаттығу ойындары өткізілді.

Оқу-жаттығу ойындары барысында Президенттің Күзет қызметі мен Республикалық ұлан әскерлері болуы мүмкін деген террорлық шабуылдардың алдын алу шараларына шешім қабылдау, кәсіби дайындық, арнайы әскери атыс жаттығулары, күзетілетін тұлғалардың әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін көрсетті.


Мемлекет басшысы Президенттің Күзет қызметі мен Республикалық ұланның әскери дайындықтарының деңгейін жоғары бағалады.


Оқу-жаттығу ойындары аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы жаңа әскери техниканың үлгілерімен танысты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар