Жаңалықтар

15 ақпан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады.

О.Өксікбаев Президентке Комитеттің 2006 жылы жүргізген тексеру іс-шараларының қорытындылары туралы баяндады. Кездесу кезінде сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалу мәселелері қаралды.


- Мемлекет басшысы Есеп комитетіне нормативтік базаны жетілдіруді және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жетілдіру тетіктерін күшейтуді тапсырды. Елбасы сондай-ақ қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне де назар аударды, - деп хабарлады О.Өксікбаев.


Елбасы сондай-ақ жақында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Нұртай Әбіқаевты қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар