Жаңалықтар

15 маусым 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының екікүндік саммитіне қатысу үшін Ресейдің Екатеринбург қаласына келді.

big-02.jpg

big-01.jpg

Бүгін ШЫҰ-ға мүше елдердің Мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы болып өтті. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан көшбасшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық лаңкестікке қарсы әрекет ету, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту салаларындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.


Отырыста сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев әріптестерінің назарын өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне аударды. Оның пікірінше, ШЫҰ Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үдерісіне белсенді қатысуға тиіс, өйткені, бүкіл өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық осы елдегі ахуалға байланысты болып отыр.


Қазақстан Президенті сондай-ақ ШЫҰ жұмысына бақылаушы-мемлекеттердің іс жүзінде қатысуын қамтамасыз ету мен заңсыз көші-қон проблемасын шешудің маңызын атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар