Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлге осы елде болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Түркиядағы Ван провинциясында болған жер сілкінудің салдарынан көптеген адамдар құрбан болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Бұл үлкен апаттан зардап шеккендерге қажетті көмек беруге дайын екендігімізді білдіремін. Тағиғат апатынан қаза тапқан жандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас түрік халқына Қазақстан халқының атынан және өз тарапымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екендігімізді білдіремін», - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар