Жаңалықтар

19 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлге террорлық әрекет құрбандарына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Онда былай делінген: «Юксекова және Чукурджада террорлық әрекет салдарынан түрік әскерлерінің қаза тапқаны туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Бауырлас Түркияның басынан кешіп отырған осы орны толмас қасіретті Қазақстан халқы да бөліседі. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын».


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар