Жаңалықтар

15 ақпан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденовті және Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Арман Дунаевты қабылдады.

Кездесу кезінде Қазақстанның қаржылық жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.


Ұлттық банк басшысы Президентке елдегі макроэкономикалық ахуал туралы, атап айтқанда инфляциямен күрес шаралары, шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру, сыртқы қарыздарды бақылау мәселелері жөнінде баяндады.


А.Дунаев Мемлекет басшысын Агенттіктің екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыруға бағытталған қызметі туралы хабардар етті.


- Президент қаржы институттарының алдына ел Үкіметімен үйлестіріле отырып, шешімін табуы тиіс бірқатар нақты міндеттер қойды, - деді А.Сайденов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар