Жаңалықтар

9 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Пол Браммелден сенім грамотасын қабылдады

84.jpg

Елші Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 
- Мен үшін Қазақстанда елші болу үлкен құрмет. Мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне Мемлекет басшысының инаугурациялық салтанатын өткізгенге дейін сенім грамотасын тапсыруыма мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтамын. Бұл менің салтанатқа қатысуыма мүмкіндік бермек, - деді Елші журналистермен өткен брифингте.

 
Дипломат Қазақстанның халықаралық лаңкестікке қарсы күрес ісіндегі елеулі үлесін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық тереңдетіле беретініне сенім білдірді, британдық компаниялардың ел экономикасын әртараптандыру бағдарламасына дайын екендігін атап көрсетті. Ұлыбритания Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша үшінші орынды иеленіп, ол 4,3 миллиард долларды құрайды.

 
Пол Браммел сонымен қатар Қазақстанның азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі конвенцияға қосылуының маңыздылығын атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар