Жаңалықтар

25 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.
big-25.11.09
 

Елбасы Қызылордадағы 320 балаға арналған «Алтын ұя» балалар бақшасында болды. Балабақша осы заманғы жабдықтармен жабдықталған. Оның аумағында трансформаторлық қосалқы станция, ойын, дене шынықтыру және шаруашылық алаңдары орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев осы кездесу барысында балабақшаға автобусты сыйға тартты. 

Одан кейін Президент мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көрді. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының «Сырдария» мөлтек ауданында орналасқан жаңа 40 пәтерлік ипотекалық тұрғын үйдің жалпы құны 176,9 миллион теңгені құрайды. Елбасы мемлекеттік қызметшілер мен қаланың әлеуметтік саладағы жұмыскерлеріне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. 

Мемлекет басшысы 400 мың дана кітап қоры бар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананы аралады. Кітапханада 100 орынды конференц-залы, 150 орынды лекция залы, 6 оқу залы және өзге де бөлмелер бар.

Н. Назарбаев сондай-ақ «Техмаман» оқу орталығында болып, облыстың инвестициялық жобаларымен танысты. Орталық кәсіпорындар мен мекемелердің мамандарын және жеке тұлғаларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ оларды «Жол картасы» аясында жұмыспен қамтуға маманданған. 

Одан кейін Мемлекет басшысы қаладағы орталық «Ақмешіт» мешітіне келді. Елбасы облыс жұртшылығын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, барша қазақстандықтарға бақ-береке, жақсылық, имандылық және баянды болашақ тіледі. 

Түстен кейін Президенттің облысқа жасаған жұмыс сапары аяқталып, Минск қаласына ұшып кетті.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар