Жаңалықтар

20 тамыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.
big-01Eg.jpg

Президент Петропавлға келген бойда Қызылжар ауданының Новоникольское ауылына жүріп кетті.


Солтүстік Қазақстан облысы өндірістік-аграрлық салаға мамандандырылған. Бұл жерде Қазақстанның барлық ауылшаруашылығы өнімдерінің 13 пайызы өндіріледі және өңделеді.


Новоникольское ауылылында Нұрсұлтан Назарбаев картоп өсірудің голландиялық технологиясының енгізілу нәтижесімен танысты және «Карусель» сиыр сауу қондырғысы орнатылған сүт өндіру кешенін қарап шықты.


Мемлекет басшысы кешеннің ұйымдастырылуына жоғары баға берді және таяу уақыттары осындай бес сүт фермасы мен екі мал бордақылау алаңы салынатынын айтты.


- Осылайша, Астана, Петропавл және еліміздің басқа да ірі қалаларының төңірегінде қуатты ауылшаруашылық кешендері құрылатын болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Осыдан кейін Елбасы астық жинау жұмысының барысымен танысты және мамырдың екінші онкүндігінде «Джон Дир» тұқым себу кешенімен астық егілген екі егіс алқабында болды.


Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысында 3,7 миллион гектар жерге дәнді дақыл себілді, ол 2007 жылғы көрсеткіштің 111 пайызын құрайды. Сонымен қатар, басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын себу алаңдары ұлғайтылды. Жер өңдеудің экономикалық әсерін арттыру мақсатында нөлдік және топырақты ең аз өңдеудегі дәнді дақылдарды өсірудің ресурстарды үнемдеуші технологиясы 2 миллион гектар алаңға қолданылады, ол өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар