Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Исекешев Әсет Өрентайұлы

Президент Әкімшілігін өз қызметін Елбасының тікелей басшылығымен атқаратын Президент Әкімшілігінің Басшысы басқарады.

Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы:

  • Мемлекет басшысының бекiтуiне Президент Әкімшiлiгi туралы ереженi ұсынады, Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымы мен штаты жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, Президент Әкiмшiлiгiнің штат кестесін бекітеді, оған бекітілген штат саны шегінде өзгерістер енгізеді;
  • Мемлекет басшысының көмекшiлерi мен кеңесшiлерiнiң жұмысын үйлестiредi, Әкiмшiлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттап отырады, өзге мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
  • Мемлекет басшысының қарауына Президенттiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерiн, Президент Әкiмшiлiгi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi, Президент Әкiмшiлiгiнiң қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
  • Мемлекет басшысының актiлерiнiң орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын, Президент Әкiмшiлiгiнде құжаттардың өтуiн бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
  • Республика Президентiнiң қол қоюы мен қарауына Парламент қабылдаған заңдарды, Жарлықтардың, өкiмдердiң жобаларын және Мемлекет басшысына жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
  • тұрақты негiзде Президент Әкiмшiлiгiнiң Парламентпен, оның Палаталарымен, жұмыс органдарымен және аппаратымен; Үкiметпен және Премьер-Министр Кеңсесiмен; министрлiктермен және өзге орталық атқарушы органдармен; Конституциялық Кеңеспен; Жоғарғы Сотпен; Бас прокуратурамен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн өзге мемлекеттiк органдармен; Ұлттық Банкпен; Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен; облыстардың, Республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiмен және мәслихаттарымен; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен; саяси партиялармен және өзге қоғамдық бiрлестiктермен; бұқаралық-ақпараттық құралдарымен; халықпен байланысын қамтамасыз етедi;
  • Республика Президенті өзіне жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Президент Әкімшілігінің Басшысы

Әсет Өрентайұлы ИСЕКЕШЕВ

1971 жылғы 17 тамызда туған.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.

2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.

2006-2007 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2007-2008 жылдары – «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

2009 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

2010 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың 6 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.

2016 жылғы 21 маусымнан бастап – Астана қаласының әкімі.

2018 жылғы 10 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.


 
 Басшылық