Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы

 

1974 жылы туған.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы Бизнес мектебін бітірген.

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-тәлімгері, оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші сараптамашысы, бас сараптамашысы, басқарма бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі болып тағайындалды.


 
 Басшылық