БАҚ тіркелуі

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өтетін іс-шараларды жарыққа шығару үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінен тиісті тіркеу қағазын алу керек.

Тіркеу қағазын алу үшін ҚР Президенті Баспасөз қызметіне тиісті өтінімді (қоса беріліп отырған нысанға сәйкес) жіберу керек.

Өтінімде журналистің аты-жөні және төлқұжаттағы мәліметтері көрсетілуі (жеке куәліктің көшірмесі); шетелдік БАҚ өкілдері бұған қоса СІМ-нің тіркеу кәртішкесінің көшірмесін ұсынуы қажет.

Өтінім іс-шараның басталуынан екі күн бұрын +7 (7172) 24-28-12 факсіне немесе пошта арқылы мына мекен-жайға жіберілуге тиіс: Астана, 010000, Сол жағалау Ақорда, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі.

Екінші қайтара алынатын өтінімдер телефон арқылы қабылданады.

Байланыс телефондары: +7 (7172) 74-40-85, 74-40-73.

E-mail: press@akorda.kz

 

Тіркеу сұрақтамасы