National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевты қабылдады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевты қабылдады. Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

Ерлан Қарин еліміздің руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Сондай-ақ биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында жүзеге асқан іс-шараларға тоқталды. Мемлекеттік кеңесші айтулы тұлғалардың атаулы даталарын ТҮРКСОЙ шеңберінде өткізудің қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Сұлтан Раев Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезовтің мерейтойларын халықаралық ұйым аясында атап өтуге қатысты жоспар құрылғанын, сол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар тек түркі әлемі шеңберіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын берілетін Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхтар Әуезов атындағы төс белгілердің шығарылғанын айтты.

Кездесу соңында тараптар жыл соңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кең көлемді іс-шара ұйымдастыратын болып уағдаласты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы