National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Президент Әкімшілігінің басшысы Абай облысының жаңа әкімін таныстырды

Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу бүгінгі жұмыс сапары аясында Семей қаласына барып, өңірдің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты.

Мұрат Нұртілеу Абай облысының әкімі лауазымына Ұранхаев Нұрлан Телманұлы мен Смайылов Асхат Сайдахметұлының кандидатураларын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смайыловқа, 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа  дауыс берді.

Президент Әкімшілігінің басшысы жаңадан құрылған облыстың әкімін таныстыра келе, Нұрлан Ұранхаевтың Семей қаласында дүниеге келгенін және оның жауапты басқарушылық қызметтерде тәжірибесі мол екенін атап өтті.

Мұрат Нұртілеу облысқа қазақтың ұлы ақыны Абай есімінің берілуі халықтың рухын көтеретін тарихи әрі әділ шешім болғанын айтты.

Кездесу соңында Мұрат Нұртілеу Нұрлан Ұранхаевқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген міндеттерді абыроймен атқаруды тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 07 маусым

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті

2023 жылғы 08 маусым

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті

Жарлық

2023 жылғы 08 маусым

Т.Б. Дүйсенова туралы