Бөлімдер санаты

Сөйлеген сөздер мәтіндері

28 қыркүйек 2017
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Жекпе-жек спорт сарайының және дзюдодан Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін халықаралық турнирдің салтанатты ашылуында сөйлеген құттықтау сөзі

Ардақты ақтөбеліктер!

Құрметті турнирге қатысушылар мен қонақтар!

Қадірлі жанкүйерлер!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастау алған «Туған жер» форумы аясында Ақтөбеде алғашқы «Жекпе-жек сарайының» ашылуымен баршаңызды құттықтаймын!

Турнирге қатысушыларға ыстық ықыласымды білдіремін!

Бүгінгі іс-шараға Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев сияқты ел мақтаныштары – әлемдік спорттың саңлақтары қатысып отырғанын айрықша атап айтқым келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің осынау жаңа спорт сарайында өткізілуінің символдық мәні ерекше. Өйткені, Мемлекет басшысы – жас кезінен күреспен айналысқан, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп келе жатқан жан-жақты тұлға. Ол елімізде спорт саласының дамуына ұдайы қамқорлық жасап отыратынын жақсы білесіздер.

Бұл орайда, бүгін есігін ашқан заманауи кешен – ел Президентінің жүзеге асырылып жатқан саясатының көрінісі.

Дорогие актюбинцы! Уважаемые гости!

Вот так каждый год в нашей стране открываются современные дворцы спорта,  стадионы, комплексы и другие уникальные сооружения. Все это становится возможным благодаря постоянной заботе Главы государства о физической культуре и спорте. Президент сам  является заядлым спортсменом, приверженцем здорового духа и своим личным примером призывает всех казахстанцев активно заниматься физической культурой и спортом.

Сегодня в Казахстане на развитие массового спорта выделено более 50 млрд. тенге. Около 5 млн. человек занимается физической культурой и спортом, из них почти 80 тыс. - дзюдо. Это практически целый город Жезказган. Хочу отметить, что культивируется дзюдо везде, во всех регионах республики.

В этом году в стране начата Третья модернизация. Одной из ее составляющих является духовное возрождение. У нашей программы «Рухани жаңғыру» и дзюдо, в переводе на русский язык означающего «мягкий путь»,  есть одна общая компонента. Это – совершенствование сознания.

Основатель этого вида спорта Дзигоро Кано как-то говорил: «Кто будет изучать дзюдо, тот будет ценить свою родину, возвышать свой дух».

Актюбинская земля неслучайно выбрана местом проведения сегодняшнего соревнования. Здесь родились великие батыры и герои Казахстана. Сегодня регион является одним из спортивных маяков страны.

У нынешнего поколения казахстанских дзюдоистов есть яркий пример для совершенства – это серебряный призер Олимпийских игр Асхат Житкеев. Уверена, что в скором врмени появятся  у нас и свои чемпионы Олимпиады и мира.

Желаю всем участникам турнира чистых и бескомпромиссных побед – иппон!

Қымбатты достар!

Көркімен көз қуантарлық бұл «Жекпе-жек сарайында» жанкүйерлер мол әсер алатын жоғары деңгейдегі сайыстар өтеді деп сенемін.

Спорт және дене шынықтыру саласында Ақтөбе өңіріне және бүкіл елімізге биік жетістіктер тілеймін!


Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері
 
Басқа cөйлеген сөздер мәтіндері
Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері