National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


ЮНЕСКО-ның бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Астана Халықаралық форумына қатысу үшін ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанға келді.

Жұмыс сапары аясында Одрэ Азуле Түркістан қаласына барып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді.

Нысанды аралау барысында Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралары жөніндегі ақпаратты үлкен ықыласпен тыңдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару