Жаңалықтар

20 наурыз 2019
Қазақстан Президенті Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысына Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалып, ұлттық және мемлекеттік мейрамдарды мерекелеуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшыға «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылған барлық тапсырмалардың орындалуына, стратегиялық бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар