Жаңалықтар

12 тамыз 2014
Президент Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады

 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Түрікменстанның біздің елге жақын әрі бауырлас мемлекет екенін атап өтті.

- Біз әрдайым саяси-экономикалық жақсы қарым-қатынаста болдық және оны әрі қарай жалғастыруға дайынбыз. Қазір маңызды жоба – Қазақстаннан Түрікменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына шығатын теміржол құрылысын аяқтау күтіліп отыр. Ол аяқталысымен бүкіл өңірдегі  сауда қатынастары мүлде жаңа деңгейге көтеріледі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Р.Мередов Президент Гүрбангулы Бердымухамедовтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ  Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы құрылысының барысы туралы әңгімелеп, оны іске қосудың әуелгі мерзімі жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар, Р.Мередов сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, отын-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты іс-қимылдардың дамуын атап өтті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар