Жаңалықтар

9 қараша 2017
Мемлекет басшысы Күш қолданылатын спорт түрлері академиясында болды
Қостанай қаласы

Қазақстан Президенті Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Күш қолданылатын спорт түрлері академиясына барды.

Елбасы спорт залын аралап көріп, жергілікті спортшылармен, сондай-ақ Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасы командасының мүшелерімен әңгімелесті.

***

Академия спорттың ауыр атлетика, пауэрлифтинг, бодибилдинг, армрестлинг сияқты түрлерінен спортшылар дайындайды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу