National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің Кубогы үшін волейболдан әйелдер командалары арасында XX халықаралық турнир өтіп жатқан Павлодар қаласындағы «Астана» мұз айдынында болды

2013 жылғы 24 маусым

 

Бұл турнир алғаш рет 1994 жылы Павлодарда өткізілген болатын. Бүгінде ол Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) күнтізбесіндегі ресми спорттық іс-шара болып саналады.

Мерейтойлық жарыс жеңімпазы атану үшін алты команда өзара бәсекеге түседі, олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан-2 құрамалары, сондай-ақ «Уралочка» (Екатеринбург, Ресей), «Ляонин» ВК (Қытай)   клубтары бар.

ҚР Президентінің Кубогы үшін жарыс «Астана» мұз айдынында 24 – 29 маусым аралығында өтеді.

Мұндай турнирді өткізу елімізде волейболды танымал ете түсуге және дамытуға бағытталған. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің