National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодардағы Мәліметтер өңдеу орталығында (Дата-орталық) болды

2013 жылғы 24 маусым

 

Қазақстан Президентіне «Қазақтелеком» АҚ мен Hewlett-Packard компаниясының бірлескен жобасы болып саналатын ТМД-дағы ірі инновациялық қызмет көрсететін Мәліметтер өңдеу орталығы таныстырылды.

Қазіргі кезде павлодарлық Мәліметтер өңдеу орталығы тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланудан өтуде. Оның базасында хостинг қызметі, сондай-ақ бұлттық есептеу (бұлттық жүйенің мәліметтерін сақтау, мәліметтерді өңдеу виртуалды резервтік орталығы, бизнес үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивтік қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық серверлік платформа) тұжырымдамасы негізінде салынған сервистер ұсынылады.  

Павлодардағы  Мәліметтер өңдеу орталығы – барлық нысанның жөндеу-профилактикалық жұмысты тоқтаусыз жүргізуіне мүмкіндік беретін, сенімділік деңгейін көрсететін Tier III сыныпты Орталық Азиядағы алғашқы Дата-орталық.

Мәліметтер өңдеу орталығында «Қазақтелеком» АҚ энергетиканы қоса алғанда барлық қолдаушы жүйені, сондай-ақ кондициялау және өрт сөндіру жүйесін резервте ұстауды жүзеге асырады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің