Жаңалықтар

10 қазан 2014
Мемлекет басшысы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
Минск қаласы, Беларусь Республикасы

 

Отырыс барысында 2015 жылғы 1 қаңтардан Еуразиялық экономикалық одақтың іске кірісетіндігіне байланысты жұмысы тоқтатылатын ЕурАзЭҚ қызметінің қорытындылары шығарылды.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ аясындағы 151 келісімнің 87-сі сақталатындығын айтты.

Мемлекет басшысы сондай-ақ бүгінгі таңда тек үш ел – Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағы мен БЭК-ке мүше болғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-ты қаржыландыруға байланысты қиындықтарды да еске салды, өйткені кейінгі жылдары елдердің бәрі бірдей міндеттемелерін орындап отырған жоқ, тек Қазақстан мен Ресей ғана жарнаны толық төлеп келеді.

Осыған және басқа да бірқатар жайттарға байланысты Қазақстан Президенті де өзге елдердің басшылары секілді ЕурАзЭҚ-тың жұмысын тоқтату жөнінде пікір білдірді.

Соңында мемлекет басшылары ұйымның басшылығы мен ұжымына атқарған жұмыстары үшін алғыстарын айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша ЕурАзЭҚ қызметін тоқтату туралы Шешімге қол қойылды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар