Жаңалықтар

29 маусым 2019
Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның көңіл айту жеделхаты келіп түсті.

«Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан адамдардың зардап шеккендері туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының ауыр қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Түрік халқының және жеке өзімнің атымнан қымбатты бауырым Сізге, бауырлас қазақ халқына,  қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Түркия Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар