Жаңалықтар

25 маусым 2017
Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы биылғы 24 маусымда Сычуань провинциясындағы лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар