National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясының отырысы

 

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Комиссияның 2013 жылғы жұмысының жалпы қорытындыларына тоқталып, оның «Қазақстан 2050» стратегиясында белгіленген міндеттерді табысты іске асыруға қажетті мамандарды іріктеу мен даярлауға бағытталғанын атап өтті.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алдын-ала конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге беру жөніндегі мәселені қарады.

Отырыста Комиссия 2014 жылы басшылыққа алатын Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді, сондай-ақ келесі жылы бөлінетін стипендиялардың жалпы саны 1100 болып белгіленді. 2014 жылғы басым мамандықтар тізбесі академиялық білім беруге арналған 99 мамандықты қамтиды. Оның ішінде 35 медициналық, 35 техникалық, 29 гуманитарлық мамандықтар. Бұған қоса Тізбеге ғылыми-педагогикалық, инженерлік-техникалық және медицина мамандарының тағылымдамадан өтуіне арналған 178 мамандық енеді.

Сонымен бірге, стипендиядан айыру және Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты мәселелер талқыланды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 05 желтоқсан

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы 08 желтоқсан

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 08 желтоқсан

Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы